
Қылмыстық істегі бір эпизод қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды, ал түрме жазасының мерзімі қысқартылды.
Іс материалдарына сәйкес, блогер Рано Нигметова алаяқтық жасады деген айыппен екі эпизод бойынша жауапқа тартылған.
Бірінші эпизод гүл дүкенінен гүл шоқтарына тапсырыс беру мәселесіне қатысты болған. Жалпы сомасы 4 миллион 745 мың теңге.
Тергеу нұсқасы бойынша Нигметова гүлдерді ақысын төлемей алған. Кейін сол гүлдердің суреттерін өзінің әлеуметтік желілеріне жариялаған.
Екінші эпизод инвестицияға қатысты ақша алу мәселесіне байланысты.
Тергеуң нұсқасына сәйкес, бір адам оған инвестиция жасаймын деген сеніммен 30 миллион 250 мың теңге берген. Ол бұл ақшадан пайда табамын деп үміттенген, алайда ақша қайтарылмаған.
2025 жылы Атырау қаласының №2 соты Нигметованы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Адвокаттар бұл үкімге шағым түсірген. Кассациялық сот адвокаттардың кейбір дәлелдерімен келісіп: гүлдерге қатысты эпизодты қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты.
Бірақ: инвестицияға қатысты екінші эпизод бойынша соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сонымен бірге Нигметоваға берілген түрме жазасының мерзімі қысқартылды.
Адвокаттардың айтуынша, үкім қайта қаралғаннан кейін Нигметова жазаны жеңілірек жаза түріне ауыстыруды сұрай алады. Сондай-ақ кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге құқылы.
В Атырау -10