Атырау, 1 сәуір 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Атырауда рұқсатсыз питон ұстаған әйелге айыппұл салынды

566 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабының 1-бөлігі бойынша азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды.

Сот деректеріне сәйкес, ол тұрғылықты мекенжайында салмағы 30 кг, ұзындығы 3–3,5 метр болатын питонды CITES талаптарына сәйкес рұқсат құжатсыз ұстаған.

Құқық бұзушылық фактісі хаттамалармен және фотосуретпен дәлелденді. Кодекстің 389-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай жағдайда жануар тәркіленіп, жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сот қаулысымен азаматша Д. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды. Жеке жағдайы ескеріліп, айыппұл сомасы 30%-ға қысқартылып, 30 275 теңге көлемінде белгіленді. Питон мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

11 наурыз, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.