Атырау, 11 наурыз 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Оң жағалаудағы тазарту нысаны 2026 жылы толық іске қосылады

99 рет қаралды

Атырау қаласында кәріз жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ұзындығы 33,4 шақырымды құрайтын ескі және тозығы жеткен желілерді қайта жаңарту қолға алынған.

Қазіргі таңда 31 учаскеде санация әдісімен жөндеу жүргізіліп, оның 12,8 шақырымы толық жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қаланың оң жағалауындағы кәріз тазарту нысаны 80%-ға жаңартылып, оны толық іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған. «Квадрат» булану алаңында 1,723 млн м³ тұңбаның 900 мыңнан астамы тазартылып, құрылыс жұмыстарының 63%-ы орындалды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтің айтуынша, 2024 жылы 9 кәріздік сорғы станциясында жөндеу басталған. Оның ішінде 7 нысан 2024–2025 жылдары аяқталды, ал қалған 2 станцияны 2026 жылдың II тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 33 станция бойынша сараптама жасалып, жетеуінде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Құлсары, Құрманғазы, Махамбет және Доссор елді мекендерінде кәріз тазарту нысандарының жобалары әзірленіп, биыл мемлекеттік сараптамадан өтеді.

Шағынаудандарды орталық кәріз жүйесіне қосу үшін 24 учаскеде жобалау жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы басталған Жұлдыз және Геолог (Мирас) аудандарында ұзындығы 92 шақырым болатын желінің 68 шақырымы салынды. Қалған аудандарда құрылыс кезең-кезеңімен жалғасады.

Бүгін, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.