Атырау, 11 наурыз 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

​"Бәрі енді басталады": боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз пікірін білдірді

58 рет қаралды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақтағы чемпиондық белбеуін тартып алу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. Спортшы өз ұстанымын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бокс ұйымы тарапынан салынған қатаң санкцияларға қарамастан, «Қазақ стилі» жауынгерлік рухын жоғалтқан жоқ.

«Біз тоқтамадық! Бізде бәрі енді басталады!» — деп жазды Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.

Жәнібек неге титулынан айырылды?

Еске сала кетейік, бұған дейін IBF орта салмақтағы ұйым белбеуінің бос (вакантты) деп жарияланғанын ресми түрде мәлімдеген болатын. Бұған қазақстандық боксшының допинг-тестен өте алмауына байланысты шеттетілуі себеп болды. Дисквалификация салдарынан Әлімханұлы белбеуін белгіленген мерзімде — 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін міндетті түрде қорғай алмайтын болды.

Дегенмен, бұл іске әлі нүкте қойылған жоқ: боксшының командасы апелляция беріп, тест нәтижелерін даулауға ниетті екенін мәлімдеді.

Басқа белбеулердің тағдыры не болмақ?

Айта кетерлігі, Жәнібек Әлімханұлы әлі де WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап тұр. Алайда, мұнда да жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Ұйым ережесіне сәйкес, шеттету мерзімі аяқталған бойда Жәнібек өз мәртебесін қорғау үшін WBO-ның «уақытша» чемпионымен рингке шығуға міндетті. Осылайша, қазақстандық боксшы қалған титулын сақтап қалу үшін біріктіруші жекпе-жекте өз басымдығын дәлелдеуі керек.

Бүгін, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.