
Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында 13–23 наурыз аралығында республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және тұрғындар мен қонақтарға мерекелік атмосфера сыйлауға бағытталған.
Акция кезінде сауда орындары азық-түлік пен тұрмыстық тауарларға 10–70 пайыз аралығында жеңілдік ұсынады. Арнайы «Nauryz» безендіруі мен навигациясы арқылы сатып алушылар жеңілдікпен тауарларды оңай таба алады.
Іс-шараға шамамен 300 сауда субъектісі қатысады. Олардың қатарында ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және Mega Silk Way, Keruen, Shymkent Plaza сияқты сауда-ойын-сауық орталықтары бар.

Акция аясында қазақстандық өнімдерге ерекше назар аударылып, арнайы аймақтарда отандық тауарлар нарықтағы бағадан 10–20 пайыз төмен ұсынылады. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы фотозоналар мен интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.
Сауда және интеграция министрлігі осы кезеңде «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсын өткізеді. Қатысушылар төрт номинация бойынша жобаларын ұсынып, жеңімпаздар 20 наурызда марапатталады.
В Атырау -10