
Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен 9517 қазақстандық елге қайтарылды.
Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясынан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар ведомство Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтауда.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымен тұрақты байланыста болып отыр және қажетті қолдау көрсетуде.
В Атырау -10