
Ақтөбе облысында браконьерлік әрекетке барған азаматтар қолға түсті.
Polisia.kz дерегінше, Байғанин ауданында жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған УАЗ автокөлігін байқап, қудалаудан кейін тоқтатқан.
Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан мотоцикл мен 14 ақбөкеннің ұшасы табылды. Сондай-ақ салонда отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі және бірнеше пышақ тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз аулау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері киік Қызыл кітапқа енгізілгенін еске салып, оны заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
В Атырау -10