Атырау, 11 наурыз 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Жамбыл облысында​ ​112 адамды алдаған ерлі-зайыптылар бас бостандығынан айырылды

109 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

17 ақпанда Байзақ аудандық соты өңірдің екі тұрғынына қатысты істі қарады. 

Олар 2024 жылдың желтоқсанынан бастап алдын ала келісіп, заңсыз пайда табу мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде тұрмыстық тауарларды арзан бағамен сататынын жариялаған. Алғашқы клиенттерге тауарды жеткізіп, сенімге кіргеннен кейін басқа азаматтардан тапсырыс алып, ақшаны жинағанымен, тауарды жеткізбеген.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан 112 адам зардап шегіп, жалпы 51 млн теңгеден астам материалдық шығын келген. Сотталушылар кінәларын мойындап, өкінетінін білдірді.

Сот шешімімен күйеуі 2 жыл 8 айға, жұбайы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алғанда сақ болуға, күмәнді әрі тым арзан ұсыныстарға сенбеуге және алаяқтық деректері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Бүгін, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.