Атырау, 11 наурыз 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Тегеранда АҚШ пен Израиль шабуылдары басталғалы 460 адам қаза тапты

101 рет қаралды

АҚШ пен Израильдің шабуылдары басталғалы бері Иран астанасы Тегеранда 460 адам қаза тауып, 4 309 адам жарақат алды. Бұл туралы АА хабарлады.

Иран мемлекеттік телеарнасының дерегінше, Тегеранның жедел медициналық көмек департаменті басшысының орынбасары Мехр Суруш қалаға жасалған шабуылдар салдарынан адам шығыны туралы хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ пен Израильдің шабуылдары нәтижесінде 460 адам қаза тапқан, 4 309 адам жараланған. Сонымен қатар, шабуылдар кезінде 18 жедел жәрдем көлігі мен 18 жедел қызмет көрсету орталығы зақымданған.

28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің шабуылдары басталғаннан кейін Тегеран жиі әуе соққыларының нысанасына айналып отыр.

Бүгін, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.