Атырау, 11 наурыз 12:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Ақтаудан Дубайға шығатын рейстер наурыздың аяғына дейін тоқтатылды

89 рет қаралды

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға және өңірде енгізілген шектеулерге байланысты FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгерістер енгізді.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, аталған бағыттағы рейстер 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғанда уақытша тоқтатылады. Бұған дейін рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалып келген.

Күші жойылған рейстердің жолаушыларына билеттерді сатып алған орны бойынша әуебилет құны толық көлемде айыппұлсыз қайтарылады немесе сапарды кейінгі күндерге тегін қайта брондау мүмкіндігі ұсынылады.

«Әуекомпания өңірдегі жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастыруда және авиациялық билік органдарымен әрі басқа да тиісті құрылымдармен тұрақты байланыста жұмыс жүргізіп жатыр», - деп атап өтті FlyArystan.

Күші жойылған рейстерге қатысты барлық сұрақтар бойынша жолаушылар FlyArystan әуекомпаниясының ресми арналары арқылы қолдау қызметіне хабарласа алады: байланыс орталығы (қоңыраулар және WhatsApp), сондай-ақ сайттағы және мобильді қосымшадағы онлайн-чат арқылы.

Бүгін, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.