
Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының қола медаліне ие болды.
Ол парашаңғы жарысынан классикалық спринтте үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ойындардың ресми мәліметіне сәйкес, Хамитов LW12 класында бақ сынаған. Отандасымыз ерлер арасындағы 1500 метрге созылған отырып жарысу спринтінде мәреге үшінші болып келіп, ел қоржынына кезекті Паралимпиада медалін салды.
Жарыс жеңімпазы болып Қытай өкілі танылса, күміс медальді бразилиялық спортшы Кристиан Вестемайер Рибера иеленді. Ербол Хамитов жүлдегерлер үштігін түйіндеді.
Ербол Хамитов парашаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болып табылады және бұған дейін де халықаралық додаларда жоғары нәтижелер көрсеткен. Атап айтқанда, 2026 жылдың басында ол өз дисциплинасы бойынша әлемдік деңгейдегі жарыстардың жүлдегері атанған болатын.
В Атырау -10