Атырау, 10 наурыз 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Сот Саркозидің жазаларды біріктіру өтінішін қабылдамады

104 рет қаралды

Францияның соты бұрынғы президент Николя Саркозидің екі қылмыстық іс бойынша тағайындалған жазаларды біріктіру туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды АА.

Ұлттық басылымдардың хабарлауынша, Саркози 23 ақпандағы тыңдауда «Бисмута» ісі бойынша 2025 жылдың ақпанынан мамырына дейін электронды білезікпен өткізген уақытын «Бигмалион» ісіндегі жазасына есептеуді сұраған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмай, «Бигмалион» ісіндегі жазаны бөлек өтеу керек деп шешті.

Осылайша, Саркози заңсыз сайлау кампаниясын қаржыландыру ісі бойынша алты айға бас бостандығынан айырылды. Жазаның бір бөлігін ол электронды білезікпен өтеуі мүмкін.

Ал «Бисмута» ісінде ол 2024 жылы үш жылға сотталған болатын, оның екі жылы шартты, ал қалғанын электронды бақылау арқылы өтеген.

Француз заңнамасы кей жағдайларда жазаларды біріктіруге мүмкіндік береді, бірақ бұл жолы сот мұндай шешім қабылдаған жоқ.

Бүгін, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.