
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысы мен цифрландыру мәселесін талқылап, бірқатар тапсырма берді.
Ол құрылыс саласының ел экономикасына серпін беретінін атап өтіп, өткен жылы 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін және 185 мың отбасының баспана жағдайын жақсартқанын айтты.
Премьер-министр мемлекеттік бағдарламаларға түсетін жүктемені азайту үшін қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамыту қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар «Отбасы банк» халықтың осал санаттарын қолдауға ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін атап өтті.
Олжас Бектенов жаңа Құрылыс кодексінің халықаралық стандарттарға көшуге, сапаны арттыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. Өткен жылы құрылыс сапасына қатысты 63 мыңнан астам шағым түскенін еске сала отырып, жаңа кодекс осы олқылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сонымен қатар құрылыс саласын цифрландыруға ерекше назар аударылып, Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды. Жобаларды сараптау үшін жасанды интеллект модульдері пилоттық режимде енгізілмек.
Премьер-министрдің айтуынша, жаңа кодекс пен қолжетімді ипотека тұрғын үй саясатын жетілдіріп, азаматтардың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді.
В Атырау -10