Атырау, 10 наурыз 15:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Қазақстан мұнай құбырлары рекорд жаңартты

112 рет қаралды

«ҚазТрансОйл» АҚ мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. бірлескен кәсіпорны – «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС маңызды межеге қол жеткізді. 

«Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі 200 млн тоннадан асты, ал «Кеңқияқ – Құмкөл» бағыты бойынша 100 млн тоннадан астам мұнай жеткізілді.

2006 жылы іске қосылған «Атасу – Алашаңқай» құбыры Қазақстан–Қытай стратегиялық жобасының алғашқы кезеңі болды. Ол Ұлытау, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстары арқылы өтіп, Қытайға шығады. 2009 жылы пайдалануға берілген «Кеңқияқ – Құмкөл» құбыры Батыс пен Шығыс Қазақстан мұнай тасымалдау жүйелерін байланыстырып, ішкі МӨЗ-ға және Қытайға экспортқа жол ашты.

2025 жылы «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі 100 млн тоннаға жетті. Бұл бағыт Ақтөбе мен Атырау облыстары арқылы өтіп, мұнайды «Өзен – Атырау – Самара» және КҚК жүйелеріне, сондай-ақ Павлодар мен Шымкенттегі зауыттарға жеткізеді.

Компанияның айтуынша, жаңа көрсеткіштер құбыр жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдейді. Магистральдарды 1000-нан астам қызметкер пайдаланады. Мұндай ірі инфрақұрылымдық жобалар өңірлердің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және әлеуметтік инфрақұрылымның нығаюына ықпал етеді.

Бүгін, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.