
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы қыз бала Қазақстанға жеткізілді.
Баланы елге қайтару процесі алты айға созылды. Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдар арасында келіссөздер жүргізіліп, грузин тарапымен байланыс орнатылды. Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық шара заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда қыз бала қауіпсіз жерде, оған психологиялық қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, заң талаптарына сай оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Баланың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында оның жеке деректері жарияланбайды.
Еске сала кетейік, әрбір баланың құқығы мен заңды мүддесі мемлекет қорғауында, ол ел ішінде де, шетелде де қамтамасыз етіледі.
В Атырау -10