Атырау, 10 наурыз 14:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Өскеменде прокуратура араласқаннан кейін бала анасына берілді

114 рет қаралды

Өскемен қаласы прокуратурасының араласуынан соң кәмелетке толмаған баланы анасына беру туралы сот шешімі орындалды.

2025 жылғы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, 2022 жылы туған қыз баланың анасының жанында тұратынын бекіткен еді. Апелляциялық сот баланың жасын, ата-анасымен эмоционалдық байланысын, психологтың қорытындысын және анасының тұрмыс жағдайын ескеріп, қыздың анасының жанында тұруына кедергі жоқ деген шешімге келген.

Сот қаулысы заңды күшіне енгенімен, үш айға жуық уақыт бойы орындалмай, баланың құқықтары бұзылды. Осыған байланысты қала прокуратурасы шара қабылдап, сот актісінің нақты орындалуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде бала анасына берілді.

Прокуратура сот шешімдерінің Қазақстан аумағында міндетті түрде орындалатынын еске салып, оларды орындамау заңдық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Бүгін, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.