Атырау, 10 наурыз 14:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

​Трамп: «Иран Ормузды жапса, соққы 20 есе күштірек болады»

115 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мұнай ағынын Ормуз бұғазында тоқтатуға әрекет жасаса, оған бұрынғыдан 20 есе күштірек соққы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы АА хабарлады.

«Егер Иран мұнайдың Ормуз бұғазы арқылы өтуіне кедергі келтірсе, Америка Құрама Штаттары оған осы уақытқа дейінгіден жиырма есе қатты соққы жасайды», – деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Ол сондай-ақ: «Сонымен қатар, біз оңай жойылатын нысандарды құртамыз, бұл Иранның мемлекет ретінде қайта қалпына келуін іс жүзінде мүмкін емес етеді — оған өлім, от пен ашу-ыза төнеді. Бірақ мен мұның болмауын тілеймін әрі соған үміттенемін!» — деді ол.

Америка басшысының айтуынша, Ормуз бұғазының ашық болуы – АҚШ-тың белсенді пайдаланатын елдерге, ең алдымен Қытайға жасаған «сыйлығы».

Бұған дейін, 9 наурызда CBS News телеарнасына берген сұхбатында Трамп кейбір кемелердің Ормуз бұғазы арқылы өтіп жатқанын, бірақ оны бақылауға алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан.

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Трамптың мәлімдемесіне жауап ретінде Ормуз бұғазы арқылы тек Израиль мен АҚШ елшілерін қуған араб және еуропалық мемлекеттердің кемелері өте алатынын жариялады.

Бүгін, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.