Атырау, 31 наурыз 09:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93

​Вьетнамда жоғалып кеткен қазақ қызы табылды

414 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Әсем табылды. Бұл қуанышты хабарды оның туған әпкесі жеткізді.

Туысының айтуынша, қазіргі уақытта бойжеткен жергілікті полиция бөлімшелерінің бірінде отыр. Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталғанымен, қазақстандық азаматшаның жағдайы жақындарын қатты алаңдатып отыр.

«Ол аман, бірақ денсаулық жағдайы алаңдатып отыр. Тергеу жүріп жатқандықтан, біз толық мәліметті жария ете алмаймыз. Ең бастысы — оның табылғаны», — деді Әсемнің әпкесі.

Жақындары тергеу мүддесіне байланысты әзірге егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартып отыр. Бойжеткеннің басынан нақты не өткені және осы уақыт бойы қайда болғаны туралы ақпарат әлі ашылмады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әсемнің Вьетнамда жоғалып кетуі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Іздестіру шараларына дипломаттар мен жергілікті құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

10 наурыз, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.