Атырау, 10 наурыз 12:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Қазақстанда электросамокаттар тіркеледі: маңызды мәліметтер

66 рет қаралды

Ішкі істер министрлігі электросамокаттарға тіркеу нөмірлерін беру ережесін бекітті. Бұл жаңашылдық кикшеринг (жалға беру) компанияларына қатысты болады. 

ІІМ-нің жаңа бұйрығына сәйкес, самокаттарды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар енді оларды қатаң есепке алуға міндетті.

Нөмірлері қандай болады?

Әр құрылғыға бір латын әрпінен және бес цифрдан тұратын жеке нөмір беріледі.

  • Нөмірлер «00001»-ден бастап ретімен беріледі.
  • Қайталанбауы үшін операторлар әріптік индексті өзара келісуі тиіс.
  • Егер самокат есептен шығарылса («пайдаланудан алынса»), оның нөмірі жойылады және басқа самокатқа берілмейді.

Тақтайшаларға қойылатын талаптар

ІІМ нөмір белгілерінің сапасына қатысты қатаң талаптар белгіледі. Олар:

  • тозуға төзімді (соққыға және ылғалға төзімді) материалдардан жасалуы керек;
  • күнге оңып кетпеуі тиіс;
  • түнде жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыратын қабатпен қапталуы қажет.

Тіркеу шаралары самокат қала көшелеріне шыққанға дейін жүргізілуі тиіс. 

Ведомство құжатында: «Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда электросамокаттардың қозғалыс жылдамдығы шектеліп, жолдың жүру бөлігімен жүру үшін жүргізуші куәлігінің болуы туралы талаптар енгізілген болатын.

Бүгін, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.