Атырау, 10 наурыз 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегі Геологтан табылды

86 рет қаралды

Атырау маңындағы Геолог ықшамауданынан бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары — Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегі табылды. Марқұммдардың сүйегі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің жұбайымен бірге бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан қазып алынды.

8 наурызда Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген еді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, мәйіттерді Геолог ықшамауданындағы жалдап тұрған үйінің ауласына көміп тастағанын хабарлады.

Осы ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер аталған аумақта қайтадан тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде марқұмдардың сүйегін тапты.

Еске сала кетейік, іздестіру жұмыстары желтоқсан айынан бері жалғасып келген еді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмыс істеп, жылжымалы штаб құрылған болатын. Үйдің ауласы мен іргелес аумақтар арнайы техниканың, соның ішінде георадарлардың көмегімен тексерілгенімен, алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеген еді.

Айгүл МАНСҰРОВА

Бүгін, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.