Атырау, 7 наурыз 01:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

«​ҚазМұнайГаз»-да мұнайшы-әйелдер марапатталды

179 рет қаралды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкер әйелдеріне мемлекеттік наградалар салтанатты түрде тапсырылды.

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөзінде өндірісте еңбек етіп жүрген әйелдердің қажырлы еңбегін атап өтіп, олардың адалдығы мен кәсібилігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген бұл марапаттар сіздердің көп жылғы адал еңбектеріңіздің жоғары бағасы, — деді ол.

Марапат иегерлері

«Құрмет» ордені 

  • Шуақбаева Айсұлу Қошмаққызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ №4 мұнай-газ өндіру басқармасы сорғы станциясының машинисі

«Ерен еңбегі үшін» медалі 

  • Белоусова Людмила Матвеевна — «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС слесарі 
  • Шегебаева Гүлсім Ізтұрғанқызы — «Oil Services Company» ЖШС инженері 
  • Оразалиева Алмагүл Абатқызы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ техник-геологы 
  • Бухаева Жібек Рызабекқызы — «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру операторы 
  • Азарян Зинаида Николаевна — «ҚазТрансОйл» АҚ жетекші инженері 
  • Баспаева Айнұр Танатбергенқызы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС сарапшысы 
  • Өтенова Орынгүл Нұрмұханқызы — «Қаражанбасмұнай» АҚ лаборанты

Сонымен қатар мерекелік іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының ардагерлері мен қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Кеше, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.