Атырау, 7 наурыз 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Облыстық сотта жаңа судьялар таныстырылды

199 рет қаралды

Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов жалпы отырыста судьялар корпусына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Бұл тағайындаулар Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен жүзеге асты.

Атырау қалалық сотына Баймырза Қаражанов судья болып бекітілді. Ол еңбек жолын 2015 жылы сот жүйесінде бастаған. 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Хажибай Сергазин мен Жалғас Сейсентаев тағайындалды. Сергазин әр жылдары түрлі мекемелерде заңгер болып еңбек етсе, Сейсентаев сот жүйесінде маман, хатшы қызметтерін атқарған. 

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа Даулет Абишев келді. Ол прокуратура органдарында ұзақ жылдар қызмет еткен тәжірибелі заңгер. 

Қызылқоға аудандық сотына Рақымжан Бауыржанұлы судья болып тағайындалды. Ол еңбек жолын осы соттың кеңсесінде бастаған. 

Махамбет аудандық сотына Гүлнара Ермуханова бекітілді. Бұған дейін Қостанай облысының прокуратура органдарында қызмет атқарған.

Мұхтар Парменов жаңа судьяларды құттықтап, олардың қызметіне табыс тілеп, судьялық антқа адал болуға шақырды.

Кеше, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.