Атырау, 6 наурыз 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29

Жүктілікке және босануға әлеуметтік төлемді ​​eGov.kz арқылы қалай алуға болады​?

166 рет қаралды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталы арқылы жүктілікке және босануға әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге болатынын хабарлады. 

Болашақ аналар eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу үшін өтініш бере алады.

Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні. Қызмет нәтижесі сомасы көрсетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап eGov.kz порталының жеке кабинетіне және eGov mobile қосымшасының Хабарламалар бөліміне жіберіледі.

Онлайн өтінімді сәтті беру үшін медициналық ұйым еңбекке жарамсыздық парағы жайлы ақпаратты Жүкті әйелдер тізімінің жүйесіне енгізгені маңызды, ал болашақ ана туралы электрондық мәліметтерді жұмыс берушінің кадр қызметі Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде толтыруы керек.

Осылайша Қазақстанда болашалақ аналар ең қажетті әлеуметтік төлемді алатын құжаттарды мемлекеттік органдарға бармай-ақ қашықтан ресімдей алады. 

Бүгін, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.