
Атырау қаласында кеше түнде жауған жаңбырдан кейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.
«Арнаулы автобаза» ЖШС мамандары түнгі уақытта қаланы толық аралап, мониторинг жүргізді. Кезекші механиктер қызмет атқарып, жағдай тұрақты бақылауда болды.
Компания директоры Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, жауын-шашын салдарын жою үшін барлық қажетті техника жұмылдырылды. Жалпы саны 7 вакуумды техника тартылып, су жиналуы мүмкін аумақтарда жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, теміржол вокзалы маңында, Азаттық даңғылы бойында, Құлманов көшесінде және Авангард шағын ауданының соңғы аялдамасы маңында су сорылды. Қаладағы басқа аумақтардағы жағдай қалыпты.
109 бірыңғай байланыс нөміріне тұрғындардан үш өтініш келіп түскен. Барлық өтініштер бойынша тиісті жұмыстар орындалды.
Арнайы техникалардың бірнеше рейсінің нәтижесінде шамамен 180 текше метр су сорылып алынды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер қаладағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.
В Атырау -10