ZHASALASH.KZ «“Валюталық саясат өзгермейдi”» - Ұлттық банк басшылығына Қайрат Келiмбетов келгелi берi теңгенiң долларға қатысты бағамы әлсiредi.
«Билiктi шегiндiрген жеңiс» - Г.Ерғалиева бұл жолы жағымды жаңалықпен бөлiсетiнiн жеткiзiп, жаңадан “Адамбол” журналының мемлекеттiк тiркеуден өткенiн мәлiмдедi.
«Қылмыс пен жаза» - Жәбiрленушiлер қылмыскерлерге ату жазасын сұрағанымен, бiздегi заң оған мүмкiндiк бермейдi екен.
AZATTYQ.ORG «Астана мен Минск Мәскеуге доқ көрсете ала ма?» - Қазақстан мен Беларусь саясаттанушылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко бір-біріне сенбесе де, өктемдігі күшейе бастаған Ресей президентіне қарсы альянс құруы мүмкін деп санайды.
«Иран өлім жазасынан бас тартпай отыр» - 10 қазан – әлемде өлім жазасына қарсылық күні. Amnesty International дерегінше, Иранда биыл ондаған адам дарға асылған. Бірақ олар бір құрбандықты есепке қоспады: көшеде дарға асылған адамдарды көрген 12 жасар бала асылып ойнаймын деп өліп кетті.
«”Қазақстандық” планшет өндіретіндер істі болды» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев онлайн-конференция кезінде салтанатты түрде ашқан тағы бір жоба – планшет өндіреді деп таныстырылған «Аққу» зауыты іс жүзінде жоқ болып шықты.
«Халықаралық ұйымдар Әзербайжан сайлауына баға берді» - ЕҚЫҰ бақылаушылары Бакуде өткен баспасөз жиынында "дауыс беру процесі кезінде кемшіліктер мен бірқатар мәселелер ұдайы байқалып отырғанын" айтты.
AIKYN.KZ «Қапастағы қырғын» - Биыл қандыбалақ қызыл империяға қарсы шығып, түрме қабырғасында көтеріліс ашқан Горлаг тұтқындарының көтерілісіне 60 жыл, қазақтың Кеңгір деп аталатын даласында орналасқан Степлагтағы ойранға 59 жыл толып отыр.
«Ең сараң миллионер кім?» - «Сараңдық» пен «байлық» сөзі бір-біріне үйлеспейтін секілді. Бірақ «шық бермес Шығайбайлардың» өмірде болғаны рас.
«Кеден... неден?» - Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері саласында нормативтік-техникалық құжаттарды дайындауға 2014 жылға – 4,1 млрд теңге, 2015 жылға – 4,2 млрд теңге, 2016 жылға – 2,8 млрд теңге қарастырылады.