
Облыстық клиникалық аурухананың № 1 перинаталдық орталығында Теміртау тұрғыны Лариса Кузнецова он үшінші рет ана атанды. Бала 2 наурызда дүниеге келді, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа туған сібидің есімін Эмин деп атған. Ол салмағы 3650 грамм және бойы 54 сантиметр болып туды. Әйел табиғи жолмен жеңіл босанды.
48 жастағы Лариса Кузнецова балалар саны бойынша перинаталдық орталықта рекорд орнатқан ананың бірі болып саналады. Кішкентай Эмин үлкен отбасында тоғызыншы үл болды, ал оның үлкен апасы қазір 25 жаста. Қазір әйелдің 13 баласы бар, оның 9 - ұл, 4 - қыз.

Көп балалы ананың айтуынша, ол өзі үлкен отбасында өскен, сондықтан мұндай өмір салты оған жақсы таныс. Сондай-ақ, әйел жеңіл босанғанын айтады. Ол дәрігерлерге көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
"Мен көп балалы отбасында дүниеге келдім, бұл мен үшін аса жаңалық емес. Күйеуім отбасында жалғыз тәрбиеленді, бірақ көп балалы болғанына біртіндеп үйренді. Әсіресе кенже балаға қатты қуандық. Мен дәрігерлерге сәбидің аман-есен жаық дүниеге келуіне қатысқандарына өте ризамын", - дейді Лариса.
Ларисаның отбасы өте үлкен болғанымен, ата-анасы балалардың мүддесін белсенді қолдайды. Әйелдің айтуынша, оның балалары тек мектепте ғана емес, сонымен қатар музыкалық сабақтарына қатысады: фортепиано, скрипка және гитарада ойнайды.
В Атырау -10