
Израиль қорғаныс армиясы ел астанасы Тегеранда "ирандық режимнің инфрақұрылымына" ауқымды соққылар жасай бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Би-би-си.
"Алғашқы есеп - ЦАХАЛ Тегерандағы ирандық террористік режимнің инфрақұрылымына кең ауқымды соққылар толқынын бастады", - делінген әскерилердің хабарламасында. Онда басқа ешқандай мәлімет келтірілмеген.
Сонымен қатар Иран мемлекеттік телеарнасы астанада бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.
Бұған дейін Израиль Қорғаныс армиясы Бас штабының бастығы Эяль Замир Израильдің Иранға қарсы операцияның келесі кезеңіне көшетінін мәлімдеген болатын.
В Атырау -10