
Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 39 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Тексеру кезінде оның қоғамдық көліктерде жолаушылардың заттарын ұрлап, кейін оларды түрлі ломбардтарға өткізгені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қосымша ақпарат жарияланбайды.
В Атырау -10