
Атырау облысында Ресеймен шекарадағы «Құрманғазы» автомобиль өткізу пункті қайта жаңғыртылмақ. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл өткізу пункті республикалық маңызы бар Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – Ресей шекарасы автожолының 892–893 шақырымында орналасқан. Жолдың негізгі бөлігі 28 метрді құрайды, қосымша жолақтармен бірге қозғалыс бөлігі 8 жолаққа дейін кеңейтіледі. Нысанның ұзындығы 0,735 км, ал сервистік аймағы 8 гектар жерді қамтиды.
Жоба Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасымен «ЕАЭО ішкі шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша құрылыс 2027 жылдың соңына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта сервистік аймақтағы өсімдік қабаты тазартылып жатыр.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Атырау филиалының директоры Ардақ Қайреденовтің айтуынша, жоба іске асқанда Каспий өңіріндегі өткізу пункттерінің қауіпсіздігі күшейіп, жолдағы қозғалыс жылдамдығы артады.
В Атырау -10 



