
Air Astana тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстердің тоқтатылу мерзімінің ұзартылғаны туралы ресми түрде хабарлады.
Авиатасымалдаушының соңғы мәліметтеріне сәйкес Дубай, Джидда, Медина және Дохаға рейстер 2026 жылдың 10 наурызына дейін қоса жүзеге асырылмайды. Бұдан басқа аталған бағыттар бойынша авиабилеттерді сату уақытша ұзағырақ мерзімге - 17 наурызға дейін тоқтатылды.
Авиакомпания ағымдағы жағдайға байланысты жоспарлары бұзылған азаматтар үшін икемді шарттарды қарастырды. Жолаушыларға 30 сәуірге дейін баламалы күндерге билеттерді тегін қайта брондауға мүмкіндік бар. Сапардан толық бас тарту қажет болған жағдайда ақшаны қайтаруды 11 наурызды қоса алғанда рәсімдеуге болады.
Air Astana-да жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігі басты басымдық болып қала беретінін атап өтті. Компания мамандары Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Кестедегі кез келген өзгерістер туралы қосымша хабарланады.
Жолаушыларға әуежайға шығар алдында авиакомпанияның ресми сайтында немесе мобильді қосымшасы арқылы өз рейстерінің күйін тексеру ұсынылады.
В Атырау -10