
Атыраудағы «Бірлік» ықшамауданындағы қоқыс алаңынан тұрғындар архивтік құжаттар тауып алған. Олар құрылыс және тұрмыстық қалдықтардың арасында жатқан.
Табылған құжаттардың ішінде тіркеу формалары және басқа материалдар бар. Кейбір папкалардың сыртында: «Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің есебіндегі амбулаторлық ем қабылдап жүрген науқастардың құжаттары» деген жазу бар. Сондай-ақ іс нөмірлері мен сақтау мерзімдері де белгіленген.
Бұл жағдай құжаттардың ішінде жеке әрі құпия деректер болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай материалдар арнайы ережелерге сәйкес сақталып, жойылуы тиіс.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсіндіргендей, табылған құжаттар өңірдегі медициналық ұйымдарға тиесілі емес.
- Көрсетілген реквизиттерге сәйкес, бұл папкалар қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тиесілі, - деп нақтылады ведомствода.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10