
Елордада шығу тегі мен сапасы белгісіз ет өнімдерін заңсыз өткізу фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері сауда орындарына жеткізілетін еттің заңды шығу тегін анықтау және ветеринариялық талаптарға сәйкестігін тексеру үшін рейд жүргізді.
Антисанитариялық жағдайда мал сойылып, ветеринариялық бақылаусыз сатылған бірнеше жасырын цех анықталды.
Заңсыз айналымнан шамамен 3 мың тонна ет өнімі тәркіленіп, «Астана-Ветсервис» мамандарымен бірлесіп жойылды.
Жеке тұрғын үй ауласындағы жасырын цехта ветеринариялық құжаттары жоқ ірі және ұсақ малдың 60 басы, ет қалдықтары мен өңдеуге арналған жабдықтар табылды.
Азаматтарға ет өнімдерін сатып алу кезінде оның заңды шығу тегін растайтын құжаттарға, ветеринариялық анықтамалар мен таңбалауға назар аудару ұсынылды. Рұқсатсыз өнім өткізу заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.
В Атырау -10