Атырау, 5 наурыз 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Қазақстанда карталарға қызмет көрсету құны ҚҚС енгізілгеннен кейін қымбаттады

115 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

2026 жылдың қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Енді қаржылық қызметтер қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылмайды. BES.media танымал банктердің тарифтеріне бұл өзгерістің қалай әсер еткенін анықтады.

Сауалнамаға қатысқан екінші деңгейлі 13 банктің екеуі дебеттік карталардың қызмет көрсету құнын өзгерткен.

Қай банктер тарифті өзгертті?

  • Bereke Bank: Бұрын бірінші жыл тегін болса, қазір тек алғашқы ай ғана тегін. Екінші айдан бастап депозиті 100 мың теңгеден асқан клиенттерге ғана ақы алынбайды, өзгелеріне – айына 500 теңге.
  • Нурбанк: Бұрынғы жылдық төлем – 1000 теңге. Енді бірінші жыл тегін, ал екінші жылдан бастап айына 180 теңге (жылына 2160 теңге).

Қай банктерде өзгеріс жоқ?

  • Halyk Bank: Цифрлық карта – тегін. Пластикалық карта: бірінші жыл тегін, кейін айына 150 теңге.
  • Kaspi.kz: Kaspi Gold шарттары өзгермеген – бірінші жыл тегін, кейін жылына 1995 теңге.
  • ForteBank: Бірінші жыл тегін, кейін жылына 2000 теңге.
  • Freedom Bank, Банк ЦентрКредит, Евразийский банк, Altyn Bank, Home Credit Bank: стандартты карталар тегін қызмет көрсетуде.

Сарапшылар пікірі

Банк өкілдері ҚҚС енгізілуі қарапайым клиенттердің шығынын арттыратынын ескерткен. Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турловтың айтуынша, бұл өзгеріс кешбэк көлеміне де әсер етуі мүмкін.

Ал Қаржы министрлігі ҚҚС тек 1%-дан аз қызмет түріне ғана қатысты екенін, оның ішінде карталарды қызмет көрсету, аударымдар мен валюта айырбастау бар екенін мәлімдеді.

Бүгін, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.