Атырау, 5 наурыз 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Путин Еуропаға газ жеткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін

81 рет қаралды

Ресей президенті Владимир Путин Еуропа елдеріне 2027 жылдан бастап ресейлік газға эмбарго салынатын болса және Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты әлемдік нарықтағы жағдай ушығатын болса, Мәскеу Еуропаға газ жеткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dw.com.

Путиннің айтуынша, Ресей Еуропа нарығындағы газ жеткізуді тоқтатып, басқа, бағасы жоғары нарықтарға ауысуы ықтимал. Ол бұл әлі ресми шешім емес екенін, тек ойдағы жоспар екенін, оған Еуропаның ресейлік газға 2027 жылы эмбарго салу жоспары мен Таяу Шығыстағы жағдай себеп болып отырғанын айтты. Сондай-ақ, Ормуз бұғазының жабылуы да әсер етуі мүмкін. "Қазір басқа нарықтар ашылып жатыр. Еуропаға газ тасымалдауды тоқтатып, сол нарықтарға бару бізге тиімдірек болар ма екен? Соларға барып орнығып алу керек шығар?", - деді Путин ресейлік БАҚ өкіліне берген сұхбатында.

Венгрия энергетикалық ресурстарды жеткізуге Мәскеуден кепілдік алды

Осы күні Кремль басшысы Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті. Украинадағы соғысқа байланысты Еуропалық Одақ санкция салғанына қарамастан, Будапешт Братиславамен қатар ресейлік мұнай мен газды сатып алуды жалғастыруда. Кездесу соңында Сийярто Венгрияның жаһандық энергетикалық дағдарысқа қарамастан энергетикалық ресурстарды қазіргі бағамен жеткізуге Мәскеуден кепілдік алғанын айтты.

Энергия тасымалдауларын жеткізуге кепілдіктер талқылаудың орталық тақырыптарының бірі болды. Қаңтар айының соңынан бастап Венгрия Украина арқылы өтетін "Достық" транзиттік мұнай құбыры арқылы ресейлік мұнайды алмайды, өйткені Киевтегі басшылық құбырдың зақымданғанын мәлімдейді. Бұған жауап ретінде Будапешт Украина үшін ЕО-ның 90 млрд еуро көлеміндегі кредитіне тосқауыл қоюда.

ЕО 2027 жылдың соңына дейін Ресейден газ жеткізуге тыйым салуды бекітті

Еуропалық Одақ 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ресейлік газды жеткізуден толықтай бас тартады. Шешімге Венгрия мен Словакия қарсы болғанына қарамастан білікті көпшілік дауыспен қол жеткізілді. Бұл тыйым құбыр арқылы тасымалданатын газға да, сұйытылған табиғи газға (СТГ) да қатысты.

СТГ импорты 2026 жылдың соңына дейін, ал құбырлық жеткізілім 2027 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тоқтатылуы тиіс. Алайда, ЕО елдері газ қоймаларын толтыру кезінде қиындықтарға тап болса, мерзім 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, Ресеймен жаңа газ келісімшарттарын жасасуға тыйым салу көзделген.

2024 жылы ЕО-ға газ жеткізудің шамамен 19%-ы РФ-дан келген шикізатқа тиесілі болды. AFP агенттігі атап өткендей, Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты ресейлік мұнайға толықтай дерлік эмбарго енгізіліп, ресейлік газды сатып алу көлемі айтарлықтай азайтылғанына қарамастан, 2024 жылы Еуропалық Одақ Ресей бюджетіне ай сайын шамамен 1,5 млрд еуро төледі.

Бүгін, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.