Атырау, 4 наурыз 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Атырауда «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты гала-концерт өтті

Сурет
83 рет қаралды

Атырауда референдумды қолдауға арналған «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты гала-концерт өтті. Концерт барысында қатысушылар ел болашағы мен алдағы өзгерістер жөнінде пікір алмасып, мемлекетіміздің негізгі заң жобасын талқылауға белсенді қатысты. Шараға зиялы қауым өкілдері, жастар, еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестік барлығы 2500 адам қатысты.

Ресми бөлімде спикерлер адам құқықтарын қорғауды күшейту, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту, волонтерлік қозғалысты дамыту, сондай-ақ билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Жаңа жобаға қатысты өз пікірін белсенді жастардың өкілі, композитор Бауыржан Ақтай білдірді. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер Әділетті Қазақстанның жаңа парағын ашып, әрбір азаматтың пікірі ескерілетін және құқықтары сенімді қорғалатын қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Сөз сөйлегендер білім мен ғылымды елдің орнықты дамуының іргетасы ретінде ерекше атап өтті. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов жаңартылған Конституция білім мен ғылым үшін жаңа дәуірдің бастауы болатынын айтты.

– Негізгі заңда академиялық еркіндік қағидаттарының және ғылыми-техникалық шығармашылық кепілдіктерінің бекітілуі университеттер мен зерттеу орталықтарының дамуына берік құқықтық негіз қалайды, – деді ол.

Бұл – ғылыми қауымдастық үшін ұлттық жобалар мен стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға жүйелі үлес қосатын тарихи мүмкіндік.

Сонымен қатар, оның айтуынша, міндетті базалық білімнің және жоғары білімнің конкурстық негізде қолжетімді болуының бекітілуі тең мүмкіндіктер қағидатын күшейтіп, бәсекеге қабілетті адами капитал қалыптастыруға жол ашады.

Концертке қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілік, заң үстемдігі және азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған деген ортақ пікірге келді. «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мұрзағалиев жаңа жобаны тек құқықтық құжат ретінде емес, Қазақстанның интеллектуалдық болашағына салынған стратегиялық инвестиция ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті.

– Білім мен ғылымды ұлттық басымдықтар ретінде айқындау – технологиялық серпіліске, тұрақты экономикаға және еңбектің қоғамдағы басты құндылық ретіндегі рөлін арттыруға бастайтын маңызды қадам, – деді спикер.

Бұл шара өңір үшін ерекше маңызға ие. Бұл туралы жастар мәслихатының мүшелері, ағайынды Мадина және Ақерке Еркіновалар атап өтті.

– Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашағымыздың негізі. Біз, жас буын өкілдері, заңды реформалауды қолдаймыз.  Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғайтынына сенімді болу маңызды, – деді олар. 

Жиын барысында спикерлердің, жастар көшбасшылары мен қоғам қайраткерлерінің әсерлі сөздері айтылып, бірлік пен жасампаздық рухы сезілді. Қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, пікір алмасып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алды.

Ресми бөлімнен кейін жергілікті өнерпаздар  және   эстрада әншілері Нұрболат Абдуллин мен  BYTANAT әсем әндерін орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Әрбір әуен, әрбір сөз еліміздің басты күші – оның адамдары, олардың таланты мен білімі, әділетті қоғам құруға деген ұмтылысында екенін айшықтай түсті.

Концерттің қорытындысы ерекше әсерлі болды: орындаушылар мен көрермендер Атырау туралы әнді бірге шырқап, ел болашағы дәл осы жерде, дәл қазір қалыптасып жатқанын айқын көрсетті. Мерекелік көңіл-күй залды кернеп, жарқын үміт пен шабыт сыйлады. Жаңа Конституция  еліміздің нық әрі гүлденген болашағының берік іргетасы екені тағы бір мәрте айқындалды.

Бүгін, 20:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.