
Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі Ираннан ұшырылған баллистикалық ракетаның елдің әуе кеңістігіне кірген сәтінде НАТО-ның әуе және зымыран қорғаныс күштері арқылы дер кезінде залалсыздандырылғанын мәлімдеді, деп хабарлады АА.
Министрліктің мәлімдемесінде снаряд Ирак пен Сирия аумағы арқылы өтіп, Түркияға бағытталғаны айтылды. Қауіп әуеде жойылғаннан кейін қолданылған қарсы әуе қорғаныс құралдарының бір бөлігі Хатай провинциясының Dörtyol ауданында жерге түскені анықталды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
«Еліміздің және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген шешіміміз ең жоғары деңгейде. Түркия аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдайды және қай тараптан келсе де, кез келген қатерге қарсы тұра алады. Территориямызды және әуе кеңістігімізді қорғау шаралары табанды әрі кідіріссіз қабылданады. Бізге қарсы кез келген дұшпандық әрекетке жауап беру құқығын сақтаймыз», – делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, Анкара барлық тарапты аймақтағы қақтығыстарды өршітетін әрекеттерден бас тартуға шақырып, НАТО және басқа одақтастарымен консультацияларды жалғастыратынын мәлімдеді.
В Атырау -10