Атырау, 4 наурыз 14:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды

99 рет қаралды

Алматы қаласында түзеу орталығының қызметкері заңға қайшы әрекеттері үшін ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел-тергеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті анықтау мақсатында тергеу жалғасуда. Бейнебақылау жазбалары зерттеліп, куәлар мен іске қатысы бар тұлғалардан жауап алынуда.

Алматы қаласы полиция департаменті тергеу барысын ерекше бақылауға алған. Тергеу аяқталған соң күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Бүгін, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.