Атырау, 4 наурыз 15:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Құлсарыда 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

120 рет қаралды

Жылыой ауданында білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде Құлсары қаласында салынған 1200 орындық жаңа мектеп биылғы бірінші тоқсанда пайдалануға берілмек. Бұл туралы аудан әкімі Жұмабек Қаражанов баспасөз мәслихатында хабарлады.

Әкімнің айтуынша, оқушылар санының артуына байланысты жаңа білім беру нысандарын салу уақыт талабы. Қазір аудандағы мектептердің жүктемесін азайту үшін бірнеше құрылыс жобасы қолға алынған. Мәселен, Құлсарыда 300 орындық білім-инновациялық мектептің құрылысы жүріп жатыр, оны да биыл ашу жоспарланған. Сонымен қатар «Игілік» бағдарламасы аясында Шоқпартоғай ауылында 280 орындық балабақша салынып жатыр. Ал Майкөмген ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

Бұдан бөлек, №1, №7, №9 және №22 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін де жағдай жасалуда: өткен жылдың желтоқсанында ауданның бес мектебінде инклюзивті кабинеттер ашылды.

Аудан басшылығы алдағы уақытта да білім беру саласын дамытуға, жаңа нысандар салуға және қолданыстағы мектептердің жағдайын жақсартуға басымдық беретінін атап өтті.

Бүгін, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.