Атырау, 4 наурыз 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Ақтөбеде құрылыс компаниялары жазаланды

93 рет қаралды

Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішев заңсыз әрекеттерден зардап шеккен үлескерлерді қабылдап, олардың мәселелерін талқылады.

Әсіресе «KAZYNA PREMIUM» тұрғын үй кешеніндегі лифт орнату және аумақты абаттандыруға қатысты шағымдар қаралды. Кездесу барысында азаматтарға үлестік құрылысқа қаржы тарту ережелері түсіндіріліп, рұқсатсыз жүргізілген құрылыс салдарынан нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің кешігуі және салынған қаражатты жоғалту қаупі бар екені ескертілді.

Прокуратураның қадағалау жұмыстары нәтижесінде үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан компаниялар анықталды. 11 проблемалық нысан бойынша сот 5 айыптау үкімін шығарды. 800-ге жуық үлескердің мүддесі қорғалып, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы 9 талап-арыз қанағаттандырылды.

Мәселені шешу үшін «Ақтөбе құрылыс компаниясы – 2023» ЖШС құрылып, бюджет есебінен үлескерлердің баспанамен қамтамасыз етілу тетігі қарастырылуда. 2025 жылы инвестор-мердігердің қатысуымен бір нысанның құрылысы аяқталып, 58 үлескерге пәтер кілттері берілді. Биылғы желтоқсанда тағы шамамен 100 пәтерді үлестіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Прокуратура үлескерлердің құқықтарын қорғауды басты бағыттардың бірі ретінде атап, бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын мәлімдеді.

Бүгін, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.