Атырау, 4 наурыз 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Хаменеи орнына ұлы Моджтаба келуі мүмкін

102 рет қаралды
Моджтаба Хаменеи
Моджтаба Хаменеи

The New York Times дерегінше, Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқаннан кейін, оның ұлы Моджтаба Хаменеи негізгі мұрагер ретінде қарастырылып отыр.

Жоғарғы басшыны таңдау үшін жауапты діни жетекшілер сейсенбі күні жиналып, үміткерлерді талқылаған. Сол жиында Моджтаба Хаменеи айқын фаворит ретінде аталған.

Басылымға сұхбат берген дереккөздер кейбір дінбасылар оның әкесінің орнына тағайындалуы туралы шешімді сәрсенбі күні таңертең жариялау мүмкіндігін қарастырғанын айтқан. Алайда бірқатар тұлғалар бұл қадам оны АҚШ пен Израильдің нысанасына айналдырады деп қауіптенген.

Бүгін, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.