Атырау, 4 наурыз 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Құлсарыда​ ​89 апатты үй бойынша шешім қабылданды

103 рет қаралды

Жылыой ауданында тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Құлсары қаласында апатты деп танылған 89 көпқабатты үйдің тұрғындарын көшіру — ең өзекті мәселенің бірі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың сөзінше, 2025–2029 жылдарға арналған арнайы Жол картасы қабылданды. Құжат аясында апатты үйлердің тұрғындарына қауіпсіз баспана беру көзделген. Жоспар бюджет қаржысының бөлінуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Аудан тұрғын үй қорын жаңарту бағытында да бірқатар жобалар іске асырылуда.

2023 жылы «NCOC» АҚ демеушілігімен 60 пәтерлі жаңа үй пайдалануға берілді. 

Биыл Құлсарыда шамамен 30 тұрғын үй салынып, кезекте тұрған азаматтарға берілмек. Бұдан бөлек, «SDN» құрылыс компаниясы көпқабатты үй тұрғызуда, ол аяқталған соң 100-ге жуық пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Бүгін, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.