
Манамадағы АҚШ елшілігі АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарына жауап ретінде қарулы қақтығыс қаупі туындаған соң, америкалық азаматтарға Бахрейннен шығуға кеңес берді, деп хабарлайды АА.
Дипмиссияның мәлімдемесінде «қарулы қақтығыс қаупіне» байланысты шұғыл міндеттерге қатысы жоқ АҚШ үкіметінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне елден кету тапсырылғаны айтылды.
АҚШ азаматтарына да елден шығу ұсынылды. Ал кету мүмкіндігі жоқтарға тұрған жерінде қауіпсіз орында қалуға дайын болу жөнінде кеңес берілді.
Елшілік барлық қалыпты консулдық қызметтерді уақытша тоқтатып, тек төтенше жағдайларда ғана байланысуға болатынын еске салды.
28 ақпанда Израиль мен АҚШ Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздерге қарамастан Иранға қарсы әскери операция бастаған.
Иран жауап ретінде Израильге ғана емес, аймақтағы бірқатар елдердегі нысандарға да соққы жасады. Ең алдымен Катар, БАӘ және Бахрейнде орналасқан америкалық әскери базаларға шабуыл жасалған.
Хабарламаларға сәйкес, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи және көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер қаза тапқан.
Иранның Қызыл Жарты ай ұйымы шабуылдардан 787 адамның қаза болғанын мәлімдеді.
В Атырау -10