Атырау, 30 тамыз 22:44
 дождьВ Атырау +22.9
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

​Иран Ормуз бұғазындағы мұнай танкерлеріне соққы жасалғанын мәлімдеді

837 рет қаралды

Тегеран АҚШ пен Израильдің шабуылдары басталғаннан кейін және Ормуз бұғазы арқылы «өтуге тыйым салынғаны» жарияланған соң, 10-нан астам мұнай танкері зақымданғанын хабарлады.

Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) дерегінше, ескертулерге қарамастан бұғаздан өтуге тырысқан танкерлер әртүрлі оқ-дәрілермен атқыланып, істен шыққан.

Мәлімдемеде Ормуз бұғазы соғыс жағдайында екені, кемелерге зымырандар немесе басқарылмайтын дрондардан зиян келуі мүмкін екені айтылып, осы аймақтан өтпеу ұсынылған.

Бұған дейін Иран әскери-теңіз күштері АҚШ пен Израильдің шабуылдарына байланысты Ормуз бұғазынан өтуді жабық деп жариялаған болатын.

4 наурыз, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.