Атырау, 29 наурыз 23:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады

228 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Босния және Герцеговинаның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі қызметін қоса атқарушысы Иван Орличтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.

А.Исетов Босния және Герцоговина дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.

Елші И.Орлич жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Сараево арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.

4 наурыз, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.