
Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысқа байланысты Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін қосымша әуе рейстері ұйымдастырылды.
Air Astana компаниясының төрт ұшағы Атырау әуежайынан қазақстандық қажылар барған Мекке мен Жиддаға аттанды.
Алдын ала мәлімет бойынша, үш борт рейстерді орындағаннан кейін Атырауға оралады, тағы біреуі Ақтауға бағытталады. Қажылар келген соң оларды өңірлеріне жеткізу мәселесі шешіледі.
Атырауға түнгі уақытта келетін жолаушыларды қонақүйге орналастыру қарастырылған. Ұйымдастыру жұмыстарын тиісті қызметтер үйлестіруде.
Алғашқы рейстер түн ортасына дейін келеді, қалғандары кейінірек жетеді. Ұшу уақыты жағдайға және рейстер кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін.
Қайтарылатын қажылардың нақты саны әзірге белгісіз.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10