Атырау, 3 наурыз 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы елге жеткізіледі

110 рет қаралды
Қазақстан азаматтары Дубайдан елге жеткізілді. 03.03.2025
Қазақстан азаматтары Дубайдан елге жеткізілді. 03.03.2025

Қазақстанның 467 азаматы бүгін Дубайдан Оман арқылы елге қайтарылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Үкімет отырысынан кейін мәлімдеді.

Оның айтуынша, әуе қатынасының шектеулі болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда жүрген азаматтар көршілес елдер аумағы арқылы шығарылуда.

«Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Оман сұлтанатына жолға шықты. Осы күннің соңына дейін Қазақстанның 467 азаматын Оман сұлтандығынан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Сонымен қатар Қатардағы қазақстандықтар Сауд Арабиясының Жидда қаласына жеткізілмек. «Адамдарды Қатардан автобус арқылы Эр-Риядқа, одан Жиддаға жеткіземіз. Кейін Жиддадан әуе компанияларымыздың бортымен Қазақстанға оралады», – деп түсіндірді министр орынбасары.

Бұл шаралар шетелде жүрген азаматтарды қауіпсіз әрі жедел елге қайтаруға бағытталған.

Бүгін, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.