
1 наурызда Махамбет ауылдық және Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Әр округте әкімдікке үш кандидаттан ұсынылған.
Махамбет ауылдық округінің әкімі болуға үш кандидат тіркеліп, бақ сынасты. Сайлауға 7606 адам енгізілсе, оның 3948-і ұйымшылдықпен қатысты. Қорытындысында 1632 дауысқа ие болған Бақытбек Мұхамбетқалиев басым түсті. 1984 жылы туылған ол бұған дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағарламалар бөлімінің директоры болып жұмыс жасаған.

Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округінің әкіміне де үш кандидат тіркеліп, бақ сынасқан болатын. Бұған 241 сайлаушы қатысса, үш адам қарсы белгісін таңдаған. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған Нұрлан Бекешов әкім болып танылды. 1967 жылы Миялы ауылында дүниеге келген.

Енді дәл осы жаңа әкімдер абаттандырудан бастап әлеуметтік бағдарламаларға дейін ауыл тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешуге жауапты болады. Қандай өзгерістер болатынын енді сайлау комиссиясы емес, ауылдық округтердің күнделікті өмірі көрсетеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10