
Олжас Бектенов үкімет отырысында әкімдіктерге жолдарды жөндеу барысына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Үкімет басшысы жол сапасына қатысты азаматтардан келіп түскен шағымдар санының артқанына назар аударды. Тек өткен жылы жергілікті жолдар мен көшелердің мүшкіл жағдайына қатысты азаматтардан келіп түскен шағымдардың саны 60 мыңға жуықтаған. Биылдың өзінде шамамен 7,5 мың шағым тіркелді.
Мәселен, тұрғындар Доссор – Ақтау, Атырау – Орал жолдарының, Алакөлге апаратын өңірлік жолдардың жағдайы нашар екенін айтып келеді.
Премьер-министр әкімдіктерге азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру, уақтылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдарды жөндеу барысына бақылауды күшейту тапсырды.
- Сапалы жолдар – жайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қана емес, сондай-ақ өңірлердің экономикалық өсуі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға да мүмкіндік береді. Жол құрылыстары мен жөндеу жұмыстарында технологияларды қатаң сақтау, жобаларды уақтылы іске асыру – тек Көлік министрлігінің ғана емес, әкімдіктерге де қатысты мәселе. Оны бірінші басшылар тұрақты бақылауда ұстауы тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, жолға қатысты жұмыстардың сапасы бойынша жауапкершілік тек салалық министрлікке емес, өңір басшыларына да жүктелген.
В Атырау -10