Атырау, 3 наурыз 14:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

Картоп 180 теңгеден: облыста көкөніс қоры 10 мың тоннадан асты

112 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары күшейтілуде. Маусымаралық кезеңге арналған тұрақтандыру қорының көлемі 10 мың тоннадан асты. 

Оның ішінде 4 900 тонна картоп, 1 600 тонна сәбіз, 2 100 тонна пияз, 1 100 тонна қырыққабат және 260 тоннаға жуық ет бар. Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Азат Қапановтың айтуынша, бұл мөлшер халықты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуге жеткілікті. 2025 жылмен салыстырғанда қамтылу деңгейі 150 пайызға жеткен.

Өнімдер облыстағы 23 сауда нүктесінде нарық бағасынан 15–20 пайыз төмен бағамен сатылуда. «Атырау» ӘКК қолдауымен ашылған павильондарда картоптың келісі 180 теңгеден, пияз 131 теңгеден, сәбіз 152 теңгеден, ал қырыққабат 142 теңгеден ұсынылуда. 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар «Марко» супермаркеттерінде сатылып жатыр, ал жақын уақытта «Клубничный рай» дүкендер желісі де қосылмақ. Сонымен қатар қала мен аудандарда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өнімдер төмендетілген бағамен ұсынылады.

Бұл шаралар өңірдегі тұрғындарды қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгін, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.