
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне ұқсайтын адамның белгісіз ер адамға күш қолданған видеосы таралып жатыр.
Кадрларда футбол киіміндегі ер адамның екінші ер адамды бірнеше рет итеріп жібергенін көруге болады. Кейін жанжалға айналасында тұрған адамдар араласып, оларды ажыратты. Видеоға қарағанда оқиға спорт алаңында болған.
Шымкент қаласының әкімдігі аталған дерек бойынша орын алған жағдайдың жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін қызметтік тексеру басталатынын хабарлады.
«Қала әкімдігі заңдылық, қызметтік әдеп және кез келген заңсыз әрекеттерге жол бермеу қағидаттарын ұстанады. Егер таратылып жатқан бейнежазбада көрсетілген фактілер расталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», - деп мәлімдеді әкімдікте.
Қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларына тексеру аяқталғанға дейін ерте қорытынды жасаудан бас тартуды сұрады. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатыны айтылды.
В Атырау -10